Жолдарды, теміржол өтпелерін бүлдіру бабымен 131 тұрғын әкімшілік жауапқа тартылды

38

Бүгінде елімізде табиғатқа жанашырлық таныту, қоршаған ортаны таза ұстау мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Таза Қазақстан» атты экологиялық акциясы қолға алынды.

Аталған жоба аясында Түркістан облысына қарасты аудан, қалалар мен елді мекендерде тазалық жұмыстары басталып кеткен. Сонымен қатар Түркістан облысының полицейлері қоршаған ортаның абаттандыру қағидаларын бұзу, ортақ пайдаланатын орындарды ластау, жасыл екпелерді жою және бүлдіру заң бұзушылықтарының алдын алу мақсатында жүйелі жұмыстар атқарып келеді. Полицейлермен осы бағытта атқарылған жұмыстың 2 тәулігінде 739 құқық бұзушылық анықталып, әкімшілік жауапкершілік қаралды.
Атап айтқанда, тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау бойынша 11 жайт, белгiленбеген орындарда сауда жасаумен 72 дерек тіркелген. Ал ортақ пайдаланатын орындарды ластау оның ішінде белгіленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау бабымен 267 дерек анықталып, құқық бұзушыларға әкімшілік шара көрілді.
Облыс аумағында полиция департаментінің бастығы М.Қабденовтың тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылдың 8-14 сәуір аралығында «Тазалық» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Айта кетейік, облысқа қарасты қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, жасыл екпелерді жою және бүлдіру бойынша 194 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Жолдарды, теміржол өтпелерін және басқа жол құрылыстарын бүлдіру бабымен 131 тұрғын әкімшілік жауапқа тартылды.
Осы ретте полицейлер тәртіпке бағынуға және қандай да бір заңсыз әрекеттерге жол бермеуге шақыра отырып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға кеңес береді.