Құран кітабын қолмен жазып шыққан каллиграф Шымкентке келді

0

Құран кітабын 3 жыл бойы қолмен жазып шыққан Шейх Осман Тоһә Шымкентке келді. Оны белгілі меценат Серікжан Сейтжанов әуежайдан күтіп алды.

Шейх Осман Тоһә жұма 24 мамыр күні Сейітжан қари Есжанұлы рухани орталығының ресми ашылу салтанатына қатысады деп күтілуде.

Шейх Осман Тоһә Сауд Арабиясында жыл сайын миллиондаған тиражбен басылып шығатын Құран кітабын және оның бірнеше тілдегі аудармасын қолмен жазып шыққан. Құран комбинатында қасиетті кітапты 70 тілге, соның ішінде қазақшаға да аударған.

Айта кетейік, Сауд Арабиясынан шыққан 90 жастан асқан каллиграфтың ұлты – қазақ.