15 млн. теңгенің жерін заңсыз сатып, көлік мініп алған: Сот психиатриялық ем тағайындады

2
фото Отырар.кз

Шымкентте бірнеше адам 15 млн. теңге тұратын жердің жалған құжатын жасап, екінші тұлғаларға сатып жіберген.

Олар мүлік иесінің жеке куәлігін де қолдан жасаған көрінеді. Күдіктілер жылжымайтын мүлікті 35 млн. теңге тұратын Лексус маркалы автокөлікке айырбастаған. Кейін бұл жағдайдан хабардар болған жәбірленуші сотқа арыз бергенмен, басты айыпталушы психикалық ауруының болуына байланысты емделуге жіберілді дейді судья.

«Осы қылмысты жасағаннан кейін психикалық өзгерістерге ұшырап, ауруға ұшыраған. Сот психиатриялық сараптама жүргізілген. Сараптама нәтижесінде оған бірінші сатылы сот оның қылмыстық жауапкершілікке тартылуына мүмкіншілік болмауына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, қазір психиатриялық стационарға жіберілді. Апеллияциялық алқасының қаулысы шығып, үкім өзгеріссіз қалды. Бірақ кейбір кемшіліктер байқалып, сол төңірегінде түзету енгізілді», – дейді Шымкент қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Самат Мырзахметов.

Ал қалған 2 айыпталушы бірінші сот үкімімен кінәлі деп танылып, қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Ал жылжымайтын мүлік өз иесіне қайтарылды.