2023 жылдан бері 55 млн. теңге жалған банкнот тәркіленген

31
фото ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Елімізде 2023 жылдан бері 55 млн. теңге көлемінде жалған банкнот тәркіленген. Оның басым бөлігі АҚШ доллары.

Нақтырақ айтқанда 1 342 купюрадан тұратын 120 мың доллар заңсыз айналымға енгізілген. Сонымен қатар, қолдан жасалған 1 378 200 теңге, 17 500 еуро, 10 000 рубль анықталды. Сондықтан мамандар туристік маусым кезінде сақ болуға шақырды.

«Қаржылық мониторинг агенттігі жалған шетел валютасын өткізу фактілерінің жиілеп кеткені туралы хабарлайды. Демалыс маусымы қарсаңында азаматтар валюта айырбастау кезінде, әсіресе шетелге шыққанда, қырағылық танытуы керек. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2024 жылдың басынан бері ел аумағында 13 жалған ақша жасау фактісі тіркелген. Тек 2023 жылы және 2024 жылдың басынан бері Қазақстан аумағында айналымнан 1 763 жалған банкнот тәркіленді. Сонымен бірге, ҚРҰБ жалған банкноттары мен монеталарын не шетел валютасын өткізу мақсатында дайындау немесе сақтау мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатыны жайлы хабардар етеміз», —  дейді ҚР ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.