Арыстағы қайта қанаттанған шегірткелерге қарсы күрес жұмысы басталды

31

Шегірткеге қарсы жүргізілген залалсыздандыру жұмыстарына қарамастан Арыс қаласына қарасты ауыл айналасында қанаттылардың әлі бар екені анықталды.

Зиянкестер қайта үйірлене бастаған. Сондықтан облыс басшысы қосымша өңдеу жұмысын жүргізуге тапсырма берді.

«50 мың гектар деген масқара. Қанаттары шығып кетті деген сұмдық. Шардарада жағдай қалай? Сарыағаш жоқ қой мына жерде. Ұсыныс айтыңыздар маған», — деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.

Биыл өңірде аса қауіпті Марокко шегірткесіне қарсы 260 мың гектардан астам алқап залалсыздандырылды. Ал қазір зиянкестермен қосымша күрес жұмысы басталды. Әзірге қанаттылар ауыл шаруашылық дақылдарын зақымдап үлгермепті.