Күнгейде марокко шегірткесінен қауіп көп

511

Оңтүстік аймақтарда марокколық шегірткелер қаптауы мүмкін. Үкімет мүшелеріне жағдайдың жай-жапсарын баяндаған Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Арман Евниев шегірткеге қарсы күрес мерзімінен бұрын басталатынын айтты.

Ал күні кеше жергілікті жауапты мамандар тілшілердің басын қосып, шұғыл брифинг өткізді. Сәуір айының 10 – нан бастап өңдеу жұмыстарының басталатынын айтқан инспекция басшысы қауіптің бетін қайтару үшін барын салып жатқандарын жеткізді.

Еліміздің оңтүстік аймақтарына марокколық шегіртке қара бұлттай қаптауы мүмкін. Зиянкестер 2 миллион гектар алқапты жайлап алады деген болжам бар. Әсіресе Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарында алаңдауға негіз көп. Үкімет мүшелеріне жағдайдың жай-жапсарын баяндаған Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Арман Евниев шегірткеге қарсы күрес мерзімінен бұрын басталатынын айтты. Фитосанитарлық ахуал GPS-құрылғы арқылы бақыланбақ. Сондай-ақ, көршілес мемлекеттермен бірлесе күрес жүргізілуі тиіс. Үкіметтегілерге мән-жайды баяндаған Ауыл шаруашылығы министрінің өкілдері осылай дейді. Ал күнгейде марокко шегірткесі жер бетіне шыға бастады. Зиянкестер қазір Сарығаш өңірінде пайда болды. Ал өңдеу жұмыстары әне-міне басталғалы тұр. Мердігерлер анықталған.

Инспекция басшысы соңғы жылдары зиянкестермен күресте тек отандық дәрілердің қолданылып жатқанын жеткізді. Оңтүстіктің ауылшаруашылығы өнімдерін экспорттауда әлеует зор. Қазір күнгей шаруалары ет өнімдерін Араб елдері мен Иран, Өзбекстан, Қытай елдеріне саудалауда. Демек,эпизоотиялық ахуалды тұрақты ұстау да маңызды дейді сала басшылары. Мамандар малдар арасындағы індетті аурулардың 13 түріне қарсы қажетті вакциналар жеткізіліп, егу шаралары тегін жүргізілуде дейді. Жауаптылар шаруаларды шығынға батырмас үшін ветеринарлық және фитосанитарлық ақуалды басты назарды ұстаймыз деп отыр.