Түркістанда терроризмді насихаттады деген күдікпен 4 адам құрықталды.
Оларды тінту барысында діни кітаптар, аудио жазбалар мен бірнеше телефон номері тәркіленген. Алдын ала мәлімет бойынша күдіктінің біреуі шетелде тұрып келген. Мамандар радикалды идеологияны сол жақтан алып келген болуы мүмкін деп топшылайды. ҰҚК мен прокуратура бірлесе анықтаған іске қатысты қазір тергеу жұмысы жүріп жатыр.
«2024 жылғы 26 маусымда Түркістан облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен және ІІМ-мен өзара іс-қимыл жасай отырып, терроризмді насихаттады деген күдікпен Қазақстанның 4 азаматын ұстады. Қылмыстық кодекстің 256-бабының 1 және 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр», — дейді ҚР ҰҚК ресми өкілі Аркен Абдуғали.