15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында «Өрт қауіпсіздігі айлығы» жарияланды

30
фото ШТЖД

2024 жылы 15 тамыз күні Шымкент қаласында «2024-2025 жылдардағы жылу беру кезеңінде тұрғын үй секторында профилактикалық іс-шараларды жүргізу» жоспарына сәйкес «Өрт қауіпсіздік айлығы» акциясының 1-кезеңі  бастау алды.

Іс-шараның мақсаты – тұрғындардың қауіпсіздік деңгейін арттыру, пешпен жылытылатын тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, улы газдан уланудың және адам өлімінің алдын алу.

Төтенше жағдайлар департаменті әлеуметтік осал топтағы отбасылардың, көп балалы аналардың, мүгедектердің тұрғын үйлеріне ерекше назар аударады.