Еңбекші ауданының әкімі ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен алдағы жоспарларына тоқталды. Әкімнің айтуынша, аудан аумағында биыл инфрақұрылымды дамыту, жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру және абаттандыру бағытында бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылған. Сонымен қатар, инженерлік желілерді жаңғырту, балалар ойын алаңдарын салу және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр.
Еңбекші ауданына қарасты 29 шағынаудан мен тұрғын алаптың басым бөлігі инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. Бұл туралы аудан әкімі брифинг барысында мәлімдеді. Қазіргі таңда аудан аумағы электр жарығымен – 99,8%, табиғи газбен – 97%, ал, кәріз жүйесімен – 41% қамтылған. Десе де, жаңадан қосылған елді мекендерде тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мәселен, Оңтүстік жаңа құрылыс аумағында ауызсумен қамту жұмыстары қолға алынған.
ДОСБОЛ ЕСІЛБЕК, ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: «Бізде ең үлкен Оңтүстік жаңа құрылыс деген аумағымыз бар. Сумен қамтылмаған. Бұл жерде 989 учаскеге берілген. Электр жарғы толық жүргізілген. Жол бар. Көше жарықтары бар. Бұл жерде ауыз су мәселесі. Қазіргі таңда жобалық сметалық құжаттары дайындалып, мемлекеттік конкурсы жүрді. Бұл аумақта мердігер мекеме анықталып, ауызсу бойынша жұмыстар басталды».
Сондай-ақ, электрмен жабдықтау саласында да оң көрсеткіштер сақталған. Аудандағы 29 шағынаудан мен тұрғын алаптың 98 пайыздан астамы мемлекеттік электр желісіне, 1,2%-ы жекеменшік электр жүйесіне қосылған. Ал қалғаны жаңақұрылыс аймағындағы 120 абонент әзірге электр желісіне қосылмаған.
ДОСБОЛ ЕСІЛБЕК, ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: «Испиджаб, Достық тұрғын алабтары. Бұл аумақтарда электр жарығын пайдалануда. Алайда, бұл аумақта ескі. Яғни, тұрғындардың өздері тартып алған. Жүйелерінің барлығының тозығы жеткен. Осы бойынша жоба әзірленіп, 2025 те жұмыстар басталды. Қазіргі таңда жұмыстар аяқтау сатысында. Былай айтқанда абоненттеу жұмыстары жүруде».
Жалпы көшелерді жарықтандыру бағытында бүгінде 367 көшеге жарықшам орнатылып, пайдалануға берілді. Сондай-ақ, ескірген жарық жүйелерін жаңарту жұмыстары аясында 5 көшенің жарық желісі мен 5 көшедегі жаяу жүргіншілер жолының жарықтандыру жүйесі жаңартылтылды. Бұдан бөлек, аудан аумағында су басу қаупі бар 52 мекенжай анықталған. Оның 12-сінде алдын алу жұмыстары жоспарланып, бүгінде 6 мекенжайда жұмыстар толық аяқталды. Ал 3 аумақта су бұру мүмкіндігі қарастырылып жатыр дейді аудан әкімі. Қалған учаскелерде «Еңбекші» коммуналдық мекемесі су жиналуының алдын алу жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді.
Нұргүл Жолымбетова






