Úı ANONS 48 градусқа дейін ыстық болады

48 градусқа дейін ыстық болады

Шымкентте аптап ыстықтың беті қайтар емес. Синоптиктер алдағы күндері ауа температурасы 48 градусқа дейін жетеді деп болжап отыр. Сондықтан өңірде дауылды есерту жарияланып, тұрғындарға дабыл хабарламалары келіп жатыр.

 

Шымкентте 100 жылда болмаған аптап ыстық болады. Синоптиктер алдағы үш күнде ауа температурасы 48 градусқа дейін көтеріледі деп болжап отыр. Бұл туралы тұрғындарға ескерту хабарламасы да келе бастады.

 

ЖАНАТ ЖӘРМЕНОВА,  МЕТЕОБОЛЖАУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ: «46 градусқа дейін температура жеткен Шымкентте. Ал 48 — 100 жыл бақылау бойынша ондай градус болмаған. Оңтүстік-батыстан келетін ауа массаларының, Иран аймағынан келетін ауа массаларының әсерінен болып жатыр»

 

Дәрігерлер аптап ыстық басылғанша тұрғындар мен қала қонақтарына мүмкіндігінше сыртқа шықпауға кеңес береді. Десе де, жедел жәрдем қызметіне түсетін қоңыраулар саны күрт көбеймепті. Мамандар бұған тұрғындардың ыстыққа бейімделуі себеп деп отыр.

 

ГҮЛБАНУ ЖАПБАР, МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨРСЕТУ СТАНЦИЯСЫНЫҢ БЕКЕТ МЕҢГЕРУШІСІ: «Қазіргі таңда тәулік бойына бізде 2300-2400 шақыртуға дейін түсіп отыр. Ауа райына байланысты біршама қан қысымына байланысты, жүрек-қан тамыр ауруларымен ауыратын науқастарға жиірек шақыртулар бар. Саны өсті деуге болады. Біршама өсті»

 

Дәрігерлер балаларға, егде жастағыларға және қан қысымы жоғары азаматтарға ерекше сақ болуға кеңес береді. Мамандар күннің ең ыстық уақытында сыртқа шықпауға, ал шыққан кезде бас киім киіп, жеңіл әрі ашық түсті киім таңдауды ұсынады. Сондай ақ, жеткілікті мөлшерде су ішуге шақырады.

Лаура Бабас