Ордабасылық полицейлер тәуелсіздігіміздің тұғыры «Республика күнін» ұлықтауға арналған салтанатты жиын өткізді.

Сонымен қатар ағымдағы жылдың 9 айында ауданның қоғамдық қауіпсіздігі мен құқық тәртібін сақтауда зор үлес қосқан бірқатар полицейлерге Түркістан облысының бас полицейі Мұрат Қабденовтың грамотасын табыстады.
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында жан-жақты қызмет етіп, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алуда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген бірқатар тәртіп сақшыларының аналарын “Үздік офицердің анасы” мерекелік медалімен наградтады.
Ал Ордабасы аудандық полиция бөлімінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғалымжан Құлбабаұлы ішкі істер органдарының ардагерлері мен полицейлерді айтулы мерекемен құттықтап, еліміздің тұрақтылығы мен тыныштығы жолындағы қызметтеріне сәттілік тіледі.
