Әділ билер алқасы арнайы іс-шара ұйымдастырды

21
фото ААӘБҚ
Шымкент қаласы Абай аудандық әділ билер алқасы мен №136 мектептің бірлесіп ұйымдастырған «Қазақтың ұлттық киімдері мен салт-дәстүрлерін дәріптеу» атты салтанатты іс-шарасы өтті.  Бұл іс-шараның мақсаты – ұрпақ санасына қазақ халқының бай мәдени мұрасын, оның ішіндегі киім-кешек, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін жеткізу. Ұлттық киімдер тек матадан тігілмейді, олар ғасырлар бойы қалыптасқан, халқымыздың тарихын, дүниетанымын, тіршілік болмысын паш ететін шежіре іспетті.
Іс-шара барысында киімнің әрбір бөлшегі – оның астарындағы терең мәні, әр түрінің мағынасы мен шығу тарихы сөз болды. Қол өнерінің тамаша үлгілері, зергерлік өнердің нәзік детальдары, тұтас ұлттық киімдердің айрықша сұлулығы мен сәні көрсетілді. Қазақтың ұлттық киімдері – бұл тек сыртқы әсемдік емес, рухани байлықтың белгісі, елдің еркіндігі мен ерлігі, салт-дәстүрлерінің айқын көрінісі.
Бұл іс-шара ұрпаққа тек эстетикалық құндылықтарды ғана емес, сондай-ақ өз халқына деген сүйіспеншілікті, оның дәстүрлеріне құрмет пен жауапкершілік сезімін қалыптастыруды мақсат етті.