Сарыағаш ауданына қарасты Дербісек ауылдық округінің тұрғыны, көпбалалы ана Мейрамгүл Қахраманова мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, шағын тігін цехын ашқан. Бүгінде грант қаражатына цехқа қажетті құралдарын сатып алып, кәсібін дөңгелетуде.
Кәсіпкер тігін цехына ауыл тұрғынын тұрақты жұмысқа алып, тігін тігуді үйреткен. Қазіргі таңда цехта тапсырыспен жұмсақ ойыншықтар, жайнамаз, құрақ қапшықтар, сөмкелер мен кестелі бұйымдар тігіледі.