Úı Jańalyqtar Шымкентте 300-ден аса әйел алтын және күміс алқа тақты

Шымкентте 300-ден аса әйел алтын және күміс алқа тақты

Шымкентте 39 мыңнан аса көпбалалы ана бар. Олардың 4 мыңға жуығы Алтын алқа, 12 мыңға жақыны Күміс алқа алған. Олардың ішінде жас аналар да бар.

Жақында Шымкен қаласында көпбалалы аналарға алтын және күміс алқа табысталды. Биыл алқа таққан аналардың саны 300-ден асқан. Бұл туралы қала әкімдігі мәлім етті. Жүзден аса әйел алтын алқа, екі жүзге жуық ана президент жарлығымен Күміс алқа төсбелгісін алды.

Алтын алқа таққан аналардың бірі 35 жастағы Атипа Аминулланың 8 баласы бар. Бесеуі қыз, үшеуі ұл. Оның күйеуімен отасқанына 15 жылға таяған. Тұңғышы 12 жаста, сүткенжесі бесікте. Алтын құрсақты ананың өз кәсібі де балалармен байланысты.

Атипа Аминулла, көпбалалы ана: «Әрқашан күйеуім көмектеседі… балалармен жұмыс жасаған ұнайды.. Бауырмал болады, бірін-бірі іздеп тұрады. Көпбалалы болғанның ерекшелігі сонда».

Көпбалалы ананың сөзінше, балалар ата-анаға берілген аманат. Оларды бағып-қағу, тәрбиелеу бүгінде оның өмірінің мәніне айналған. Арманы балаларының білімді, бақытты болуын көру. Ал өткен жылы Күміс алқа, биыл Алтын алқа алғандардың қатарынан табылғанда төбесі көкке бір елі жетпей қалған. Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбектің сөзінше, жылдағыдай көпбалалы аналарға қошемет көрсетіліп, жергілікті әкімдіктерде алтын және күміс алқасы берілген.

8 перзенттің анасы Атипа Аминулланың сөзінше, көпбалалы болу бір ғана отбасының қуанышы емес, ел демографиясына үлес қосу болып саналады.

Дилара Иса