Республикалық «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Түркістан облысының полицейлері «Шымкент-Самара» трассасында жол ережесін бұзған «үйлену той кортежін» анықтады. Тәртіп сақшыларының жедел қабылдаған шаралары нәтижесінде жүргізушілердің жеке басы анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Атап айтсақ, «Mercedes-Benz» пен 5 бірдей «Toyota Camry» жүргізушісіне «Маневр жасау қағидаларын бұзу», «Жол жүрiсiне қатысушының жол жүрiсi қағидаларын авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылығы», «Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» баптарымен шара көріп, жүргізушілермен жол қозғалысы ережесін сақтау бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Өз кезегінде полиция қызметкерлері азаматтарды құқық бұзушылыққа жол бермеуге және жол қозғалысы ережесін қатаң сақтауға шақырады.