Вакцинация – инфекциялармен күресудің негізгі әдісі

фото aids38.ru

Бүкіл әлемде вакцинация халықты жұқпалы және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуынан қорғаудың ең тиімді құралдарының бірі болып табылады. Вакциналарды қолдану бұрын ондаған мың балалар мен ересектер зардап шеккен және өлген бірқатар ауруларды азайтуға және кейбір жағдайларда толығымен жоюға мүмкіндік берді.

Вакцинацияның сөзсіз жетістігі-адамзат арасында шешек ауруын жою. 1977 жылдың қазан айынан бастап әлемде шешек ауруының бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ, бұл ДДҰ-ға 1980 жылы осы инфекцияның жоюын туралы жариялауға мүмкіндік берді.

2002 жылы Қазақстан полиомиелитсіз аумақ ретінде сертификатталды. Алайда, Пәкістан мен Ауғанстанда жабайы полиомиелит вирусының таралуы жалғасуда, бұл инфекцияны әкелу қаупін сақтайды, сондықтан біз полиомиелитке қарсы вакцинацияны жалғастырамыз.

Қазақстан Республикасында жаппай иммундауды жүзеге асырудың арқасында соңғы 5 жылда дифтерия, полиомиелит сияқты жұқпалы аурулар тіркелген жоқ. Қызамық, паротит және басқа инфекциялармен сырқаттанушылық жекелеген жағдайларға дейін азайды.

Қазақстан Республикасында балалар мен ересектерді вакцинациялау «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің талаптарына сәйкес міндетті. Қазақстан Республикасының Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесі полиомиелит, дифтерия, сіреспе, көкжөтел, қызылша, қызамық, эпидемиялық паротит, В вирустық гепатиті, туберкулез, гемофильді және пневмококкты инфекциялар сияқты 11 жұқпалы ауруға қарсы ересектер мен балаларды иммундауды қамтиды. Сонымен қатар, балалар арасында А вирустық гепатитіне қарсы егулер жүргізіледі.

Иммунопрофилактикада медицина қызметкерлерінің негізгі міндеті-әр баланың уақтылы және толық вакцинациялануы болып табылады. Осы мақсаттар үшін республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатынан Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес балалар мен ересектерге иммундауды тегін жүргізу үшін жыл сайын жеткілікті қаржы бөлінеді.

 

Вакцинацияның негізгі мақсаты-ұжымдық иммунитетті қалыптастыру, өйткені ол әртүрлі жұқпалардың берілуін тоқтатуға мүмкіндік береді. Иммунопрофилактиканың заманауи дамуының арқасында бүгінде вакциналардың көп саны бар, олардың арасында моновакциналар да, аралас вакциналар да бар, бұл инъекция санын азайтадтын бір дозада екіден алтыға дейін вакцинаны біріктіруге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасында вакцинациялау үшін өндірісі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған вакциналар сатып алынады. Вакциналардың қауіпсіздігі мен тиімділігіне мемлекеттік сапаны бақылау кепілдік береді. Тек осындай вакциналар Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады.

Дені сау жаңа туған нәресте перзентханада, алғашқы 12 сағатта В вирустық гепатитіне және туберкулезге қарсы екпе алуы керек. 1 жасқа дейін бала тұрғылықты жері бойынша емханада көкжөтел, сіреспе, дифтерия, полиомиелит, В вирустық гепатиті, гемофильді және пневмококкты инфекцияларға қарсы егіледі. 1 жасында баланы қызылшаға, қызамыққа, паротитке, полиомиелитке және пневмококк инфекциясына қарсы егу керек. Болашақта тұрақты иммунитетті сақтау үшін бала белгілі бір уақыт аралығында қызылшаға, қызамыққа, паротитке, сіреспеге, көкжөтелге, дифтерияға қарсы екпе алады. 16 жастан бастап ересек тұрғындарды сіреспеге, дифтерияға қарсы әр 10 жыл сайын, тұрғылықты жері, жұмыс немесе оқу орны бойынша емханаларда егу керек.

Жұқпалы аурулардың алдын алуда эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша, атап айтқанда кене энцефалитіне, іш сүзегіне және құтыруға қарсы жүргізілетін вакцинация үлкен маңызға ие.

2023 жылдың қараша айынан бастап республика бойынша халықты қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау басталды, ол қазіргі уақытқа дейін жалғасуда. Жүргізіліп жатқан иммундаудың табысы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру болды, атап айтқанда,қызылша ауруының өсуін тоқтатуға мүмкіндік туды.

Әрине, бірде-бір вакцина аурудан жүз пайыз қорғауға кепілдік бермейді, бірақ эпидемияның алдын алу үшін халықтың көпшілігін вакцинациялау жеткілікті. Балаларына вакцинациядан бас тартқан ата-аналар тек өздеріне ғана емес, басқа балаларға да жұқтыру қаупін тудырады.

 

Ауруды емдеуден гөрі алдын-алу оңай екенін есте ұстаған жөн!

А.Алтаева,

Әл-Фараби ауданының 

санитариалық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасының

эпидемиологиялық бақылау

бөлімнің бас маманы