Шымкентте тұңғыш рет «NeоNomad» тақырыбында іскерлік ойын өтті

467

Бүгін Шымкентте тұңғыш рет «NeоNomad» тақырыбында іскерлік ойын өтті. Оған еліміздің ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Евниев төрағалық етті. Ұйымдастырушылар іскерлік ойынның мақсаты – Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жобалық басқару дейді.

Мамандардың пікірінше, бұл ойындар Түркістан облысындағы ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі саласын дамытуға үлкен септігін тигізеді.

Нұрбек Бадырақов, Түркістан облыстық ауыл шаруашлығы басқармасы басшысының орынбасары: «Әр ауданның ет бағытындағы дамуын жолға қоямыз, ет экспортын арттырамыз. Осы бойынша жоба қорғалады. Мұнда аудан әкімдері, шаруа қожалықтарының төрағалары қатысып отыр. Іскерлік ойын еркін өтті».

Алты ауданнан қатысқан командалар ет бағытындағы жобаларын қорғады. Алдағы уақытта іскерлік ойындар қарқынды бау, егін шаруашылығы бойынша өткізіледі. Күн ұзаққа жалғасатын іскерлер шарасының жеңімпазына тиісті министрліктің сертификаты мен ангус бұқасы сыйға тартылды.

Мақпал Рысбаева