Салықтан жалтарғандар мемлекетке 2 млрд. теңге шығын келтірген

130

Жалған шот-фактура жасағандар мемлекетке 2 млрд. теңге шығын келтірді. Шығыс Қазақстанда 3 жыл бойы салықтан жалтарып, заңсыз ақша игергендерге қатысты тергеу жүріп жатыр.

Олар кәсіпті Өскемен мен Алматы қаласында өзге адамға тіркеп, кейін соның атынан орындалмаған жұмысқа шот-фактура жазумен айналысқан.

Қаржы нарығын реттеу агенттігінің хабарлауынша, олар жалпы соманың 1,5 пайызын алып отырған. Ұйымдастырушылардың бірі заңсыз алған ақшаға кәсіп ашып, 37 млн. теңге табыс тапқан.

Шынар Оразова