Салықтан жалтарған: Шығын көлемі 380 млн. теңге

Шымкенттік тұрғын жалған ақша жасап, мемлекетке 380 миллион теңгеден астам шығын келтірген.

Бұл туралы қаржы мониторингі агенттігі хабарлады. Айтулы азамат үш компания ашып, 1,1 млрд теңге қаржы тапқан. Бүгінде оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Дегенмен, шымкенттік азаматтың қанша жыл заңсыз жұмыс істегені қазірше белгісіз.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі: «ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті жалған шот-фактураларды іс жүзінде орындамай жазып берумен айналысқан азаматтың қызметін әшкереледі. Қылмыстық ниетті іске асыру үшін 3 компания құрылды, олардың жалпы айналымы 1,1 миллиард теңгеден асты, соның нәтижесінде мемлекеттік бюджетке 380 миллион теңгеден астам салық түспеген».