Жалған шот фактуралар жасап, мемлекетке 265 млн. теңге шығын келтірген

24

Жалған шот фактуралар жасап, мемлекетке 265 млн. теңге шығын келтірген. Қарағандылық үш азаматтың қылмысы дәлелденіп, 2 жылдан 2,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Олар іс жүзінде жұмысты орындамай, жалған құжат жасаумен айналысқан.

Әлібек Әбділов, Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі: «Тергеу барысында Амангелді Қуаныш 2017 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі кезеңде үш серіктесімен алдын-ала келісім бойынша қылмысқа барғаны анықталды. Ол пайда алу мақсатында 265 миллион теңгеден астам мөлшерде мемлекетке залал келтірілген, яғни салық салынуы тиіс айналымды жасанды түрде арттыру үшін бақылаудағы тұлғалар атына 29 кәсіпорын сатып алып, тіркеді».

Шынар Оразова