Жалған шот-фактура жасаған азамат мемлекетке 1 млрд. астам мөлшерде залал келтірген

117

Шымкент қаласында салықтан жалтару мақсатында жосықсыз кәсіпкерлерге жалған шот-фактура жазып берген азаматтың ісі әшкере болды. Тергеу барысында оның туыстары мен таныстарының атына 14 кәсіпорынды тіркегені анықталды.

Бұл кәсіпорындар контрагенттерге салық төлеуден жалтаруға жағдай жасау үшін құрылған болып шықты. Фирмалардың кеңселері, қызметкерлер штаты, өндірістік-техникалық базасы және қоймалық үй-жайлары болмаған. Кәсіпкердің мемлекетке келтірген зияны және заңсыз жолмен тапқан қаржысы енді қазынаға қайтарылады.

Жұпар Мамытова, Экономикалық тергеу департаментінің өкілі: «Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке 1 млрд. теңгеден астам мөлшерде залал келтірілді. А.Махатаев 4 жылға бас бостандығынан және 10 жылға кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан айырылды».

Шынар Оразова