Шымкентте екі үйдің шатыры толығымен жанып кетті

95

19.08.2022ж. сағ. 07:16-да Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Н.Төреқұлов көшесі бойында орналасқан  екі үйдің шатыры толығымен жанып кетті.

Жалпы көлемі 125 ш. м. тұрғын үйдің шатыры толығымен, көршілес тұрған Школьный өткелі көшесінде жалпы көлемі 125 ш.м. жапсарлана соғылған тұрғын үйдің шатыры толығымен және ішінде екі бөлмесі толығымен, үй заттары, жапсарлана соғылған 6 ш.м. сарайдың шатыры толығымен, жапсарлана соғылған темір бастырманың астында «Hyundai Grandeur» маркалы жеңіл автокөліктің артқы бөлігі, богажник, артқы салоны жанды.
Өрттің жалпы көлемі 256 ш.м. құрады. Өрт сағат 07:49-да оқшауланып, сағат 08:07-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Оқиға орнына Шымкент қ.ТЖД 17 қызметкері мен 5 дана техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының мамандары жұмылдырылды.
QAINAR KÓZШымкент қ.ТЖД қоғаммен байланыс тобы