Қазығұртта мектептен өрт шықты

45

Қазығұртта мектептердің бірінен өрт шықты.Төтеншеліктерге білім беру мекемесінің шатыры жанып, қатты түтіндеп жатқаны туралы хабарлама түскі 15:00 шамасында түскен. Алдын ала болжам бойынша өрт сымдардың қысқа тұйықталуынан шыққан. Абырай болғанда зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.

Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі: «Алдын ала болжам бойынша жалын аумағы 100 шаршы метрді құраған. Өрт сағат 16:10-да оқшауланып, 16:50-де сөндірілді. Өртті жоюға жеке құрамның 28 адамы, 6 бірлік техникасы жұмылдырылды»