Шымкентте автобус паркінде тұрған жолаушылар көлігі өртенді

115

Шымкентте автобус паркінің тұрағында тұрған жолаушылар көлігі өртенді. Оқиға бүгін 3 сәуір күні кешкі уақытта болған.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына дереу жеткен.

ТЖМ мәліметінше, автобус жөндеуде болған. Қызыл жалын дер кезінде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Төтеншеліктер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.