Шымкентте 25 литрлік газ баллоны жарылды

33
Фото: polese.by

Шымкентте тұрғын үйдегі өрт кезінде 25 литрлік газ баллоны жарылды. Төтенше жағдай өрт сөндірушілер келгенге дейін орын алды, ауыр зардаптар, жарақаттар мен құрбандар болған жоқ. Өрт сөндірушілер өртті тез арада сөндірді.

Құтқарушылар өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға және газ баллондарын жылыту құралдарының жанында қоймауға шақырады.