Шымкентте жалған нөмір таққан көлік жүргізушісі ұсталды

24

Шымкент қаласы ПД Жедел басқару орталығының қызметкерлері рейдтік іс-шаралар өткізу барысында «Сергек-қорғау» қосымшасының көмегімен жалған мемлекеттік нөмір таққан «ВАЗ-21014» маркалы автокөлікті байқады. Жүргізушіні тоқтатып, тексеру барысында белгілі болғандай, азамат ресейлік нөмірді қазақстандық нөмірге ауыстырып алған.

Аталған жайт негізінде патрульдік полиция полкінің қызметкерлері , жергілікті тұрғынға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі «көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар көлік құралын басқару» бойынша әкімшілік хаттама толтырып, жиналған материалдарды шешім қабылдау үшін сотқа жіберді.

Сондай-ақ, «Сергек-қорғау» қосымшасы енгізілген сәттен бастап мегаполис жолдарында 123 964 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Оның ішінде жалған МТНБ-мен автокөлік жүргізген 62 жүргізуші анықталды.