«Мегаорталыққа» келген сатып алушылар қоржынын толтырып қайтты

"Меганың" туылған күнін тойлауға әсіресе жастар жағы көп жиналған.

Шымкенттегі «Мегаорталық» сауда-саттық орталығының ашылғанына 4 жыл. Сауда орнының туылған күнінде облыс орталығының тұрғындары зор қуанышқа бөленіп, түрлі сый сияпатқа ие болды.

Мұз сырғанағы, «Бэйбилон» балалар аттракциондарымен қоса, түрлі сауда нүктелерімен шымқалалықтардың сүйікті орнына айналған «Мегаорталыққа» мереке күні келген сатып алушылардың ешқайсы құр алақан қайтқан жоқ.

«Рамстордан» ұтыс ойындарымен азық-түлік кәрзеңкелерін жеңіп алса, орталық маңындағы мерекелік шоуға жиналғандар тәтті торттар және теледидар секілді қомақты сыйға қарқ боп қайтты.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=KV-j2yAQVDs[/youtube]