Шетелден әкелінген 69 мыңнан астам көлік заңдастырылды

54
Шымкент. Автокөліктер
Шымкент. Автокөліктер

Шетелден әкелінген 69 мыңнан астам көлік заңдастырылды. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, заңдастырудың негізгі критерийлерінде көлік құралының сәйкестігін алдын ала тексеру процесі толық автоматтандырылған. Қылмыстық есеп, кедендік база және басқа да ақпараттық жүйелер бар.

Қайсар Сұлтанбаев, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы: «Ағымдағы жылдың 23 қаңтары мен 26 наурызы аралығында 69 мыңнан астам көлік құралы заңдастырылды. Оның ішінде 67 пайызы – Ресей Федерациясынан, 19 пайызы – Армениядан, шамамен 10 пайызы – Қырғызстаннан, шамамен 2 пайызы – Грузиядан».