11 млн. теңге қарызы бар көлік құралдары айыппұл тұрағына қамалды

47
фото Шымкент ПД

Тәртіп сақшылары бағдарлама арқылы Шымкент жолдарында иелері атқарушылық іс жүргізу бойынша қарыздарын төлеуден жалтарып жүрген автокөліктер туралы ақпарат алды.

Тексеру барысында Chery Tiggo жүргізушісінің қарызы 11 миллион теңге, Chevrolet иесінікі – 3 млн, ал Toyota тізгіндеушінің қарызы – 1,5 млн теңгені құрайтыны анықталды. Борышкерлерді ұстауға жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторлары патрульдік полиция экипаждарын бағыттады. Автокөлік жүргізушілеріне міндетті төлемдері туралы ескертілді. Көлік құралдары айыппұл тұрағына қамалды.
Атап өтейік, «Қорғау» бағдарламасы құқық бұзушылықтарға жедел ден қоюға мүмкіндік береді. Оның көмегімен полицейлер іздеуде жүрген автокөліктерді, жалған нөмірлерді, жүргізуші куәлігінен айырылған тізгіндеушілерді және техникалық байқаудан өтпеген көліктерді анықтай алады.