«Қорғау» қарызын төлеуден жалтарған шымкенттіктің көлігін анықтады

33
фото Шымкент ПД

Патрульдік полицейлер «Қауіпсіз жол» ЖПІШ аясында рейдтер жүргізу барысында төленбеген қарыздары бар жүргізушіні анықтады. Ақпаратты инспекторлардың қызметтік планшетінде орнатылған «Қорғау» бағдарламасы берді.

Toyota иесінің атқарушылық іс жүргізу бойынша 15 миллион теңге мөлшерінде берешегі болған. Көлік Бәйдібек би даңғылында тоқтатылды. Тізгіндеуші азаматқа төлем туралы ескертілді.  Көлік айыппұл тұрағына қамалды, оны иесі қарыздарын өтегеннен кейін қайтарып ала алады.