Түркістанда «ақ түйенің қарны жарылды»

877
Түркістандық ұйымдастырушылар

Хандарға тағзым. Түркістанда алты алаштың басын қосқан үлкен іс-шара болып өтті. Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің алдында ақ түйе құрбандыққа шалынып, алыс жақын шет елдерден келген қалың қауым жиналды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шара араға жеті ғасыр салып, қайта жаңғырған. Қазақ хандығының алғашқы астанасында бар қазақтың басын қосқан жиын соңы, дүбірлі тойға айналды.

Атағы жер жарғандықтан болар, Түркістандағы тойға қазақ елінің түкпір-түкпірінен халық көптеп жиналды. Қытай мен Монғолиядан арнайы келген қандастарымыздың да қатары қалың. Солардың бірі Қаскен Ислам. Ол Қытайдағы радио-телевизия саласының майталманы. Соңғы уақытта Отанға оралу ойы жиі мазалап жүргенінін жасырмады.

Кәкен Ислам, Қытай қазағы: «Қасиетті жерде ұйымдастырылып отырған жиынға бала-шағамызбен бірге жиналып келдік. Ата-баға рухына тағзым етіп, киелі мекенге тәу етуді бұған дейін де көп армандадық. Енді, міне, басымыз қосылып, арманымыз орындалды. Отанынан шалғайда жүрген қазақтардың басты арманы орындалуда».

Жиналған жұрт Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің алдында бас қосты. Сол жерде Ақ бураны құрбандыққа шалды.

Кесенені аралап шыққан жамағат, батасын да аямады. Түркістан – ежелден мұсылман қауымы тәу етіп, зиярат жасайтын-рухани астана. Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, дәл осы жерде қазақтың хандары бас қосып, түйіткілді мәселелерін шешкен. Айта кетейік, Қожа Ахмет Яссауи мұражайында Абылай бастаған 22 хан, сондай-ақ билер мен батырлар, екі жүздей асылдар жерленген.

 Жанар Сламбекқызы, Қытай қазағы: «Отанға оралу арманы жүрегімізде сайрап тұр. Десе де, ол жақта да жаман емес. Жырақта жүрсек те, Қазақстанның жеткен жетістігіне жар сала сүйінші сұрап жүреміз».

Киелі мекенде мыңға жуық қазақтың басын қосқан алқалы жиын көптің көңілінен шықты. Ал ұйымдастырушылар бұл жиынды жылдар бойы жоспарлап келген. Алты алаштың басын қосқан алқалы жиын, келер жылы да жалғасын таппақ.