Жолаушылар тасымалдау саласынан дау шықты

361

Шымкент қалалық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімі № 17 бағытта қызмет көрсететін 9 көлік компаниясымен келісім-шартты бұзды. Осы шешім шыққаны сол екен, жолаушылар тасымалымен айналысатын кейбір компаниялар келіспеушіліктерін білдірді. Солардың бірі – «Санжар-Моторс» серіктестігі. Былтыр облыс бойынша ең үздік жолаушы тасымалдаушылар атағына ие болған компания әкімдіктің шешімімен келіспей отыр.

004

«Санжар-Моторс» серіктестігіне қарасты № 78 бағыттағы автобустың жүргізушісі Досбол Бегалиев жұмысына алаңдаулы. Өйткені бұл бағыт бойынша қалалық әкімдік түзілген келісім бұзылды. Енді талай жылдан бері автобус жүргізіп, бала-шағасын асырап келген жүргізушінің бойын жұмыссыз қаламын ба деген күдік билеп отыр.

Жолаушылар тасымалымен 20 жылдан астам уақыттан бері айналысып келген «Санжар-Моторс» мекемесі бүгінде көлік жүргізушілерінің мүддесін және мекеменің жұмыс істеу құқығын қорғау мақсатында қалалық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімімен соттасуда. Кезекті сот отырысы 24 ақпан күні өтеді.

Серікбай Тоқбергенов, «Санжар-Моторс» ЖШС өкілі: «Келісімдегі барлық талаптарды орындап келдік. Бүгінде көліктер жаңаланып, оларға арнайы бокстар да салынды. Дамуымызға қомақты қаражат жұмсадық. Бағыттарда көрсетілген қызмет бойынша барлық құжаттарды сотқа тапсырдық. Біздің мекеме жапон автобустарын сатып алған. Сапалы мұндай көліктер қалада еш компанияда жоқ. № 78 бағыттағы автобус бойынша бізбен келісімді қалалық әкімдік бұзды. Соның салдарынан шығынға батудамыз. Несиеміз бар, қызметкерлердің жалақысы бар. Елбасының өзі шағын және орта бизнеске қолдау көрсетіңдер деп талап етуде. Жұмыс орнын қысқартпаңдар дегені де бар. Іс жүзінде не болып жатыр? Базасы, көліктері және кадрлары жеткілікті компаниялармен келісім шарт бұзылуда.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=0yssz-c282E[/youtube]

Жолаушылар тасымалдауда үздік деп танылған «Санжар-Моторс» және де қаладағы ең үздік көлік компанияларымен келісім шарттың бұзылғаны «Южавтотранс» қауымдастығы басшылығын алаңдатып отыр.

Қазіргі таңда босаған бағыттарға тендер жарияланған. №74 бағытта таяудан бері жаңа компания қызмет көрсетуде. Келісім-шартқа биыл мынадай өзгеріс енгізілген – тендерлерге 120 дана көлігі бар компаниялар ғана қатыса алады.

«Южавтотранспорт» қауымдастығының басшылары бүгінде Шымкентте жолаушыларға қызмет көрсететін компанияларда көліктің саны 100 ге жетпейді деген мәлімет келтіріп отыр. Ал бұл – олар тендерге қатыса алмайды деген сөз. Сонда тендерге кім қатысып, босаған орындарды толтырады деген заңды сұрақ туындайтыны тағы бар.