Ұлы жеңістің 70 жылдығына орай Оңтүстікте «Майдангерлер» фильмі түсірілуде

733

Оңтүстік Қазақстанда Жеңістің 70 жылдығына орай «Майдангерлер» деп аталатын қысқаметражды фильмнің түсірілімі жүруде. Ұлы Отан соғысына аттанған майдангерлердің жанқиярлық ерлігі баяндалған киноның режиссері —  шымкенттік жас талант Серік Таласов.

012

Облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасының тапсырысы бойынша түсіріліп жатқан 25 минуттық фильм Шымкент қаласындағы «Даңқ» мемориалы мен Қазығұрт шағынауданында және Бәйдібек ауданының Бірлік ауылында түсірілді.

Фильмнің желісі бойынша басты кейіпкер Болат Бегайдаров екі ағасының соңынан өз еркімен соғысқа аттанады. Қасында досы Бектемір Жанқожаев тар бар. Екі дос шайқас даласында жауға ерлікпен тойтарыс беріп, елге аман оралады.

Сонымен қатар кинодағы рөлдерді Ошат Рахимов, Мұхан Шакиров, Мәжит Ильясқаров, Асылхан Төлепов, Құпия Рахымбердиева, Айжан Жұмабекова, Ғалымжан Қалыбаев, Құрманай Бақтиярқызы, Олжас Бекбаев, Азиза Түлкібаева, Қабыл Батыр сынды алматылық және шымкенттік танымал актерлер сомдауда.

«Майдангер» фильмінің тұсаукесері Шымкентте 5 мамыр күні өтеді деп күтілуде. Оған басты рөлдерді сомдаған актерлер да қатысады. Содан кейін туынды еліміздегі телеарналардан көрсетілмек.

Отансүйгіштік пен елжандылықты насихаттайтын бұл фильм өскелең ұрпақты Отанды сүюге, адамгершілікке баулуға, халықтар арасында достықты нығайтуға үндейді.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі