Әкімдік өкілдері соғыс ардагерлерін құттықтады

Әкімдік өкілдері соғыс ардагерлерін құттықтады

Ұлы жеңістің 72 жылдығы қарсаңында батыр қариялар құрметке бөленуде. Дәстүрге сай әкімдік қызметкерлері Шымкенттегі 4 ауданның ардагерлерінің басын қосты.

Мерекелік шараға 250-ге жуық қарт жауынгер келген. Көбісінің жастары жүзге жақын. Солардың бірі, тоқсан беске келген Мұраталы қарияны қарттық басты деп айту қиын. Әлі де ширақ, бойынан өр рухты батырлығы аңғарылады. Бірнеше шайқас алаңында ерлік көрсеткен қария ұрыс майданына бес ағайын болып аттанған екен.

Әкімдік өкілдері соғыс ардагерлерін құттықтады

 

Әдетте назардан тыс қалып жататын қариялар бұл мерекені асығып күтеді. Бейбіт күнге бірге жеткен бауырларымен бас қосқан олар арқа-жарқа болысты. Ал салтанатты сарайда өткен игі шараның ұйымдастырушылары қарияларға алғыс айтып, құттықтау сөзін алды.

 

Майдангер қарияларға арнайы сыйлық әзірлеуді жеке кәсіпкерлер мойнына алыпты. Ал қаланың бір топ өнерпазы концерттік бағдарламамен мерекені жандандыра түсті.

Сұрапыл соғыстың сұмдығын көрген қариялар өмірге налымайды. Бейбіт күнге қуанып, өздерін ұмытпай, іздеп келетін әр азаматқа риза.