Инво-такси қызмет көрсетуге дайын

434
сурет интернеттен алынды

Сайлау күні мүмкіндігі шектеулі жандар да дауыс бере алады. Олар үшін Шымкентте мүгедек жандарға арналған таксилер жұмыс істейді.

Ескертетін жәйт, дауыс беруге ниеттілер алдын-ала Шымкент қалалық мүгедектер қоғамына тапсырыс беруі тиіс.

Айта кетейік, біздің қалада арбаға таңылғандарды таситын төрт көлік бар. Олар бір айда төрт мың шақыртуға барады екен. Ал бір мүгедек жан айына 8 рет шақырту бере алады.

 Шымкент қалалық мүгедектер қоғамының төрағасы Вадим Торопов: » Біз саяси науқанға сақадай саймыз. Тек сайлауға барып дауыс берем деушілер тапсырыс берсе болғаны. 15-қаңтар күні мүлтіксіз қызмет көрсетеміз деп отырмыз»-дейді.