Қырғызстан шекарасынан алып өтпек болған ірі көлемде контрабандалық тауар ұсталды

243

Шекарашылар Қырғызстанның шекара жағынан елімізге заңсыз ірі көлемде контрабандалық тауар алып өтпек болған КАМАЗ көлігін ұстады.

Халық тұтынатын тауардың 118 түрін тиеген автокөлік иесі жылдамдықты арттырып, қашып кетуге ниеттенген. Алайда, шекарашылар көлік дөңгелегін атып тоқтатты. Ал иесі түсіп, тағы қашпақ болды. Оны ұстау үшін тағы да қару қолдануға мәжбүр болды шекарашылар.

Ұсталған Қазақстан азаматы болып шықты. Қазіргі таңда контрабандалық тауар алып өтуге бел буған азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.