Ірі жол апатынан екі адам қаза тауып, жеті адам зардап шекті

257

Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында орын алған ірі жол апатынан екі адам қаза тауып, жеті адам зардап шекті. 19-қараша күні сағат 14:20-да Самара-Шымкент тасжолының 147-шақырымында «Мерседес-бенц Виано» автобусы мен «Тойота Пикник» автокөлігі соғысты.

001Соның салдарынан «Тойота» автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі мен оның жолаушысы, 1986 жылы туған Түркістан қаласының тұрғыны алған ауыр дене жарақатының салдарынан оқиға орнында мерт болған. Ал автобустың жүргізушісі және оның алты жолаушысы, 1957 жылы туған ер кісі мен 1947, 1951, 1961, 1984 жылдары туылған бес әйел әр түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілген.

Тәртіп сақшылары Шымкент қаласына бет алған «Мерседес-бенц» автобусының рөлінде Алматы қаласының 25 жастағы тұрғыны болғанын анықтады. Алдын ала болжам бойынша, осы азамат жол ережесін бұзып, жолдың қарсы бағытына шығып кеткен.

Бұл факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабы, «Көлiк құралдарын жүргiзушi адамдардың жол қозғалысы және көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзуы» фактісіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жалғасуда.