Кісі өлтірген студент 12 жылға сотталды

252

Шымкентте кісі өлтірген деген айып тағылған студент 12 жылға сотталды. 21 жастағы жігіт енді қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады.

Еске сала кетейік, 1 және пен 2 курс студенттері арасында болған әлімжеттік әрекеттері кезінде айыпталушы үш студентті пышақтаған. Нәтижесінде бірі ауыр, бірі жеңіл жарақат алады. Ал жүрек тұсынан жарақат алған студент оқиға орнында тіл тартпай кетеді.

Зерттеу материалдары сотталушының қасақана кісі өліміне барғанын анықтап отыр. Ал сот үкімімен келіспеген сотталушының туыстары әлімжеттікке жол берілген университет қызметкерлері де жауапқа тартылуы тиіс деп отыр. Айта кетейік, сот процесі 5 айға созылған.