Шымкентте бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

833
"Бос орындар" жәрмеңкесі

Шымкент қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы басшылығының мәліметінше, 24 қараша күні бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді. Оған өңіріміздегі мемлекеттік және жекеменшік кәсіпорындар мен білім беру ұйымдары, денсаулық сақтау және өзге де мекемелер қатысып, білікті де білімді, өз ісінің үздік мамандарын табуға асығады.

"Бос орындар" жәрмеңкесі
«Бос орындар» жәрмеңкесі

Мұнда жұмыс берушілер тікелей сұхбаттасу жүргізу арқылы білімді кадрларды таңдап, қызметке қабылдауға мүмкіндік алады. Жәрмеңке Абай саябағындағы «Бейнелеу өнері» мұражайында өтеді деп жоспарланып отыр. Басталуы сағат 10:00-де. Қапы қалмаңыздар!

Асылжан Жамалбеков, Шымкент қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры: «Бос орындар жәрмеңкесіне жұмыс іздеп жүрген кез келген азамат қатысуға құқылы. Тек өзімен бірге түйіндемесін әкелуі қажет. Айта кететін тағы бір жағдай – бүгінгі қоғамда дәрігерлер, медицина саласын меңгерген мамандар тапшы. Тігінші, аспазшы деген сияқты мамандықтар да үлкен сұранысқа ие. Сондықтан, жұмыс іздеуші тұрғындарға атсалысыңыздар деймін! Ал кадрларға өзі туралы қажетті мәліметтерді орталықтың srm2020@mail.ru электронды поштасына немесе 29-01-03 факс нөміріне жолдауын сұранамыз».