«HR-PROCESS» цифрлық жүйесі арқылы 2000-ға жуық маман жұмысқа қабылданды

0

Жұмысқа тұру бүгінде өзекті мәселелердің бірі екені жасырын емес. Әсіресе, мектепке мұғалім болып орналасу сатылары қарапайым тұрғындар үшін қиындық туғызады. Олар, осы ретте ортадағы беймәлім адамдарға алданып қалып жатады. Бүгінде осыған ұқсас оқиғалар көбейіп барады.

Осыдан екі жыл бұрын тамыз айынан бастап Республика бойынша алғаш рет Шымкент қаласында педагогтар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін жұмысқа қабылдау бойынша «HR-PROCESS» цифрлық жүйесі іске қосылды. Бұл жүйе педогогикалық мекемелердегі бос жұмыс орнына орналасуға өтініш беру және оны өңдеу барысын автоматтандыруға, үміткерлер мен бос орындардың деректер қорын құруға, сонымен қатар, заманауи ақпараттық технологияларды қолдану негізінде педагогикалық құрамды іріктеу процесінің тиімділігін арттыруға арналған цифрлық жүйе.
Қасқыр Арманның «HR-PROCESS» жүйесі арқылы жұмысқа кіріп, №88 ЖОББМ-да педагог қызметін атқарып келе жатқанына биыл екінші жыл.
Ол өз сөзінде аталмыш жүйенің шарапаты мол екенін, талай жасқа зор мүмкіндік тудырып отырғанын айтты.Мектеп ұжымына да алғысы шексіз екенін, қолдауларын әрқашан білдіріп отыратынын жеткізді.
Арманның шәкірттері де бүгінгі таңда республикалық олимпиадалардың қалалық және аудандық кезеңдерінің жүлдегері атанып жүр. Ал Арманның өзі жас мамандар арасында өткен олимпиадада ІІІ орын, жас мамандар арасында өткен пікірсайыс турнирінде ІІ орын, мектептің бірінші басшылары арасында өткен пікісайыс турнирінде “Үздік төреші” номинациясының иегері атанып үлгерді.
Бүгінгі таңда «HR-PROCESS» цифрлық жүйесі арқылы қаламызда 2000-ға жуық маман жұмысқа қабылданып, жемісті қызмет атқаруда.