Мемлекеттік кіріс жоспары асыра орындалды

218

Дағдарыс дүмпуі елдің әл-ауқатына әсер ете бастаған тұста мемлекеттік түсімдерді жіті назарға алу басты жоспарда. Мемлекеттік кірістер департаменті жылдық межені 117 пайызға орындады. Нәтижесінде 35 млрд теңгеден астам қаржы қазынаға артығымен түсті.

салықБылтыр облыстың сыртқы сауда айналымы 2 млрд 107 млн, ал импорт көлемі 1 млрд 230 млн АҚШ долларын құрады. Капиталға рақымшылық жасаудан түскен қаржы да мемлекет қазынасын айтарлықтай толықтырды.

Былтыр департамент мамандары көлеңкелі бизнеспен күресуді де күшейтті. Бір жыл ішінде экономикалық зерттеулер бөлімінің мамандары мыңнан астам қылмыстық істі қарап, жартысын сотқа өткізген.

Борышкерлермен жұмыс та ойдағыдай жүргізілді дейді салаға жауаптылар. Айта кетейік, былтыр көлік салығын дер кезінде төлемеген 148 мың жүргізушінің жалпы қарызы 1 млрд 180 млн теңгені құраған. Тиісті шаралардың нәтижесінде бұл қарыздың едәуір бөлігі мемлекет бюджетіне қайтарылыпты.