Полиция кісі өлтірген күдіктілерге іздеу жариялады

542
Іздеуде жүргендер
Іздеуде жүргендер

Шымкентте ауыр қылмыс қылмыс жасаған күдіктілер іздестірілуде. Қашып жүрген қылмыскерлерге Әл Фараби полиция бөлімінің қызметкерлері іздеу жариялап отыр.

Іздеуде жүргендер
Іздеуде жүргендер

Бұл туралы Әл Фараби аудандық прокуратурасының өкілдеріне сілтеме жасай отырып Замана басылымы хабарлайды. Қашып жүргендердің екеуі де кісі өлтірген. Сондықтан қауіпті болуы мүмкін деп ескертеді құзырлы орган өкілдері.

Іздеуде жүргендерді көрген адамдардың өз беттерінше әрекет етпестен, тез арада 8-7252-97-60-09 немесе 8-701-101-70-78 телефондарына хабар бергені дұрыс.

Орынбасар Қалқаев
Орынбасар Қалқаев

Орынбасар Арысұлы Қалқаев. 1950 жылы дүниеге келген. Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданындағы Кеңесарық ауылының тұрғыны. Шымкент қаласының Луначарский көшесінде Т. есімді азаматты басынан ұрып өлтірген. Күдіктінің үстінен қылмысты іс қозғалған, бүгінде ол жазасын өтеуден бой тасалап жүр.

Қайрат Айтжанов
Қайрат Айтжанов

Екіншісі – Қайрат Нажұқұлы Айтжанов. Шымкент қаласында 1967 жылы дүниеге келген. Жібек жолы көшесінде тұрған. Күдікті Мақтааарал ауданындағы Атакент ауылының тұрғыны Ш. есімді азаматтың ішіне пышақ сұғып алған. Бұл оқиға бойынша да қылмысты іс қозғалып, Қ.Айтжанов заң алдында жауап беруден қашып жүр. Оған 2012 жылы іздеу жарияланған.

 

– Бүгінде бұл кісілердің қайда жүргені белгісіз. Егер оларды көрген-білгендер болса, жоғарыдағы көрсетілген телефондарға хабарласуларын сұраймыз, – деп хабарлайды Әл Фараби аудандық прокуратурасының прокуроры Мақсат Усманов. – Хабарлаушы туралы мәлімет құпия сақталады. Нақты мәлімет берген адамға сыйақы да бар.