Өзге ұлт өкілдері қазақ тілінде сайысқа түсті

Өзге ұлт өкілдері қазақ тілінде сайысқа түсті

Өзге ұлт өкілдері қазақша сөйлеп, қазақ тілінде ән шырқаған күн. 23 маусым күні түрлі этнос өкілдері арасында тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тілді білу – парыз» сайысы өтті. Түрлі мамандықты игерген азаматтар қазақ тілінде өз топтарын таныстырып, бірнеше сұрақтан тұратын тестілеуге қатысып, білімдерін саралады. Олар қара жорға биін билеп, қазылар мен қонақтарды тамсандырды.

Өзге ұлт өкілдері қазақ тілінде сайысқа түсті

Роман Писменский, төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы: «Сайысқа қазақтың дәстүрлерін, биі мен өнерін білетін өзге ұлт өкілдері қатысып жатыр. Мен де қазақ тілінде еркін сөйлеп, өз ойымды жеткізе алатын болғандықтан, бағымды сынап көруге бекіндім. Дайындық кезінде қазақша бірнеше кітап оқып, грамматика тұрғысынан сабақтар алдым. Ал өнерімді көрсетер тұста қара жорға биін үйрендім. Аса қиын болған жоқ. Алайда бәсеке үлкен болғандықтан, бәрібір толқып тұрмын. Биді әріптесім үйретті».

Өзге ұлт өкілдері қазақ тілінде сайысқа түсті

Қатысушылардың арасында мемлекеттік қызметкерлер мен төтенше жағдай департаментінің мамандары, тіпті, өз еркімен тіл үйреніп жүрген еріктілер де бар. Ал орталық мамандары бүгінде, әсіресе, славян, араб және кәріс ұлтының өкілдері арасында мемлекеттік тілді үйренушілердің қатары көбейгенін айтып отыр. Мәселен, биылдың өзінде 800-ден аса адам тіл курстарына қатысқан.