Шымкент пен Лондон бірге жұмыс істейді

335

Шымкент пен Лондон қалалары алдағы уақытта бірге жұмыс істейді. Ұлыбритания астанасының мэрі Садик Хан Шымкент пен Лондон қалалары арасындағы ынтымақтастықты дамыту жайлы ниет білдіріп отыр.

әкімдер

Бұл жайлы мэрдің Шымкент басшысы Ғабидулла Əбдірахымовқа жіберген телеграммасында айтылған. Қала басшыларының пікірінше, ынтымақтастықтың маңызды бағыты «ақылды қала» технологияларын дамыту мен мегаполистің тұрақты дамуы болмақ.

Айта кету керек, Садик Хан Лондон мэрі болып 2016 жылдың 9 мамырында тағайындалды. Бүгінгі таңда Лондон 8,6 млн халқы бар əлемдегі ең ірі мегаполистердің бірі. Бір ғана туризм саласынан жылына $200 млн көлемінде пайда көреді.