Қазақстан шекарашылары сусабынға жасырылған дәрілерді тапты

550
Қазақстан шекарашылары сусабынға жасырылған дәрілерді тапты

Қазақстан шекарашылары сусабынға жасырылған дәрілерді тапты. Күнделікті қолданылатын тұрмыстық заттардың арасына анальгетик тығылған, деп хабарлайды ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты шекара қызметінің баспасөз қызметі.

Қазақстан шекарашылары сусабынға жасырылған дәрілерді тапты

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекара бойында иесіз жатқан «Трамадол Ланнахер» дәрі-дәрмектері табылды. Барлығы 20 дана болатын дәрілерді «Сарыағаш» теміржол бекетінің шекарашылары анықтады.

Қазақстан шекарашылары сусабынға жасырылған дәрілерді тапты

Әсері өте күшті анальгетик халық тұтынатын тауарлардың арасына жасырылған екен. Осыған байланысты шекарашылар құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне хабар берді. Қазір тексеру жүруде.

Қазақстан шекарашылары сусабынға жасырылған дәрілерді тапты