Түркістанда 264 отбасыға пәтер кілті табысталды

509
Түркістанда 264 отбасыға пәтер кілті табысталды

Түркістан қаласында тәуелсіздік күні мерекесіне тарту ретінде 264 пәтерлі 9 қабатты екі және 5 қабатты екі үй халық игілігіне тапсырылды. Жаңадан бой көтерген «Отырар» шағынауданындағы қоныс тойға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы қатысып, түркістандықтарды егемендігіміздің 25 жылдық мерекесімен құттықтады, тұрғындарға пәтер кілтін табыстады.

Түркістанда 264 отбасыға пәтер кілті табысталды

– Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында түркі дүниесінің орталығы саналатын көне Түркістанда бірқатар жұмыстар атқарылуда. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, кезекте тұрған көптеген азаматтар баспаналы болары сөзсіз,-деді облыс әкімі. – Дәл қазірдің өзінде осы шағынауданда 8 үй салынуда. Келешекте жаңа ауданда мемлекет есебінен 100 көп қабатты үй және әлеуметтік нысандар салу жоспарланып отыр. Бұл – ширек ғасырда Елбасының көрегенді саясатының нәтижесінде қол жеткізген жетістіктің бір парасы ғана.

Түркістанда 264 отбасыға пәтер кілті табысталды

Айта кетейік, мұндағы 5 қабатты үй облыс бюджеті есебінен салынса, 9 қабатты екі үй «Қазақстанның мпотекалық компаниясы» АҚ-ның есебінен салынған. Жаңа үйлердің инженерлік инфрақұрылымына 586 млн теңге қаралып, тиісті жұмыс атқарылды.

Түркістанда 264 отбасыға пәтер кілті табысталды

Бүгінгі таңда Түркістан қаласында тұрғын үй алу үшін 4232 азамат өтініш білдірген. Олардың ішінде 3019 адам әлсіз топтағы болса, 203 жетім бала, 1010 мемлекеттік қызметкер бар. Он отбасының үйі апатты жағдайда тұр.