You are here
Оңтүстікте түркиялық «Ostim» индустриалды аймағының өкілдігі ашылды Жаңалықтар 

Оңтүстікте түркиялық «Ostim» индустриалды аймағының өкілдігі ашылды

Оңтүстік Қазақстан облысы мен Түркияның индустриалды аймақтары бұдан кейін тығыз байланыста жұмыс істеп, бірлескен жобалар аясында ынтымақтастық орнатпақ. Жұмыстардың шұғыл және нәтижелі болуы үшін «Оңтүстік» индустриалды аймағында Түркияның «Ostim» индустиралды аймағының өкілдігі ашылды. Мұндай шешімге 1-3 ақпан аралығында өңірімізде өткен Қазақстан-Түркия инвестициялық форумында қос мемлекеттің салалық жетекшілерінің арасында болған өзара кездесулерде түзілген меморандум аясында қол жетті.

Оңтүстікте түркиялық «Ostim» индустриалды аймағының өкілдігі ашылды

Яғни, «Оңтүстік» индустриалды аймағының жетекшілігі бұдан кейінгі жұмыстарын жүйелеп, жетілдіруде Түркияның даму тәжірибесін пайдаланатын болады. Өйткені, Анкарадағы 5200 кәсіпорынның басын біріктірген «Ostim» индустриалды аймағы 50 жылдан бері дамудың үздік тәжірибесін көрсетіп келеді.

Аталған шетелдік индустриалды аймақтың құрылтайшылар кеңесінің төрағасы Орхан Айдын бұл жұмыстардың қос мемлекет кәсіпкерлері үшін де тиімді боларына сенім білдіріп, «Оңтүстік» индустриалды аймағының да өкілдігі Түркияның астанасынан ашылатынын жеткізді.

Оңтүстікте түркиялық «Ostim» индустриалды аймағының өкілдігі ашылды

Ал «Оңтүстік» индустриалды аймақтары басқарушы компаниясының бас директоры Мұхтар Тұрабековтың айтуынша, бірлескен ынтымақтастық жұмыстарының арқасында ортақ брендпен, не болмаса, жеке дара өнім шығарылып, нарыққа шығарылады.

Айта кетейік, облысымызда шағын және орта бизнесті дамыту мен өңірімізге көптеп инвестиция тарту мақсатында ашылған 11 индустриалды аймақ жұмыс істейді. Соның бірі «Оңтүстік» индустриалды аймағына 84 кәсіпорын кірсе, бүгінде оның 46-сы жұмысын істеп, 2500-ға жуық тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Фото: Самат Мырзалиев

Related posts

Leave a Comment