22-қыркүйек — Тіл мерекесіне байланысты Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық университетінде дөңгелек үстел болып өтті. Басқосуға Шымкенттегі өзге тілде дәріс беретін мұғалімдер мен университет ұжымы қатысып, ой бөлісті. Тілге құрмет тақырыбында өткізілген шараға қатысқан студент жастар көп тіл білудің бүгінгі заман үшін қажет екенін айтады.
Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенттері негізінен түрлі ұлттың өкілдерінен құралған. Осыған сай, мұнда ағылшын, орыс тілдерінен бастап қытай, араб тілдеріне дейін оқытылады. Ал мемлекеттік тілді құрметтеу баршамыздың міндетімізге айналған дейді оқу ордасының басшысы Әбдіжәлел Ақкөзов.
Басқосуға себеп болған тақырыптың бірі — 5,7,9,10 және 11 сыныптарға арналған «Қазақ әдебиеті» оқулығын филолог-ғалым Қалдыбек Сейдановтың таныстыруы. Тіл жанашырына Өзбекстандағы қазақ диаспорасы арнайы тапсырыс берген.[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=-UxTZrx-xPE[/youtube]