Жаңалықтар 

Үнемде де ұтып ал

Корпороция газеті оқырмандарының ұраны өзге. Өйткені , оқырман қауым тек басылымға жазылып қоймай, тұрмысқа қажетті техникалық тауарларды және ең негізгісі үлкен тосын сыйға ие бола алады.

Бұл акция өзіндік ережесімен ерекше. Корпороция газетіне 1 жылға жазылған азамат растайтын купон мен Ксард дисконттық картасына ие болады. Ал бұл құжат арқылы сіз ұтыс ойынына қатыса аласыз. Сондай ақ, дисконттық карта 120-дан аса түрлі сауықтыру кешендері мен құрылыс компаниялары және әсемдік орталықтарына жеңілдікпен таңдау жасауыңызға мүмкіндік береді. Ел тәуелсіздігінің 20- жылдығына орай өткізілген бұл шарада ойын құжаты бар әрбір қатысушы құр қол қайтқан жоқ.

Акцияның ұйымдастырушылары «Оңтүстік медиа» ЖШС-не қарасты, Клара Серікбаева басқаратын корпороция газеті. Ал басылым республика бойынша 22 мың данамен тарайды. Бұрын соңды өңірлік басылымдар арасында болмаған бұл жәйт күтпеген сый болды. Өйткені 250 ден аса құнды бұйымдар мен автокөлік тігілген ұтыс ойынының жеңімпазы да табылды.

Мереке қарсаңында берекеге ұйысқан бұл ұтыс қатысушыларға көтеріңкі көңіл сыйлап, әннен шашу шашты.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz