Оқыс оқиға 

Әкімшіні өлтірген егіздердің тергеу жұмыстары аяқталды

Шымкент сауда үйінде орын алған адам өлтіру қылмысының тергеу жұмысы аяқталды.

Естеріңізге салайық, оқыс оқиға өткен жылдың 17 қарашасында болған еді. Айыпты деп танылған егіз туыстар Мақтарал ауданының азаматтары. Сөйтіп, тергеу амалдарының нәтижесінде олардың сауда үйіндегі кафенің 28 жастағы әкімші қызметкерін өлтіргені анықталды. Күдіктілер қылмыс жасалған орында-ақ тұтқындалған болатын.

Дегенмен, қаланы шулатқан қылмыстық істің жәй-жапсарын полицейлер әлі күнге дейін мәлімдемеуде. Анық болғаны сол, егіз бауырлардың бірін адам өлтіргені үшін айыптаса, екіншісін қастандық жасады деп отыр.

Салтанат ҚАРАКӨЗОВА, ОҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі: “Күдіктілердің қылмысы толығымен дәлелденді. Сөйтіп, іс сотқа жолданды. Тура би әділ шешім шығарады деп сенеміз”.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz